Қарағандыда аялдамада тұрған адамдарды автокөлік қағып кетті

930

Қарағандыда аялдамада тұрған адамдарды автокөлік қағып кетті

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 14.00 шамасында болған. BMW автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамаға кіріп кетіп, онда тұрған адамдарды қаққан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 71 жастағы әйел оқиға болған жерде көз жұмды, ал 69 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу