Қарағандыда Азия чемпионатының қола жүлдегеріне пәтер берілді

830

Қарағандыда Азия чемпионатының қола жүлдегеріне пәтер берілді

Спортшы аруға Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Қарағандының элиталық ауданынан жаңа пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Азия чемпионатында қола медаль алғаны және өңірдегі спортты дамытуға қосқан үлесі үшін 8 наурызға арнап тамаша сыйлық әзірледі. 8 наурыз қарсаңында Қарағанды облысының әкісі Ерлан Қошанов Эльмира Сыздықованы салтанатты түрде қабылдап, жаңа пәтердің кілтін табыс етті.

Сыйға берілген пәтердің ауданы 65,4 шаршы метрді, құны 18 миллион 966 мың теңгені құрайды. 

Айта кетейік, Қарағанды облысы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына "Шұбаркөл көмір" АҚ демеушілік жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу