Қарағандыда балабақшада бала химиялық күйік алған

467

Қазір бала облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Қарағандыда балабақшада бала химиялық күйік алған Фото: yandex.kz

Қарағандыдағы балабақшаның тәрбиешісінің көмекшісі шәйнекті қақтан тазарту үшін су құйылған шәйнекке бір деохлор таблеткасын салған, бірақ мұны білмеген тәрбиеші екі балаға шәйнектен су құйып береді, деп жазады inbusiness.kz Патриот телеграм каналына сілтеме жасап.

Нәтижесінде бір бала жеңіл күйік алып, екінші баланың өңеші мен асқазаны күйіп қалған.

Балаға өңеш пен асқазанның екінші дәрежелі химиялық күйігі диагнозы қойылды. Қазір бала облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Қарағанды ​​қаласының білім бөлімі "Бәйтерек" мемлекеттік балабақшасының "Еркетай" бөбекжайында болған оқиғаға қатысты түсініктеме беріп,  барлық кінәлілер – медицина қызметкері, тәрбиеші, тәрбиеші көмекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылған айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу