Қарағандыда балабақшадан облыстық балалар ауруханасына 3 жастағы бүлдіршін түсті. Ол балабақшада сірке суын ішіп қойған, деп хабарлайды 24.kz.
Баланың сірке суына қалай қол жеткізгені белгісіз. Оның ауыз қуысы мен өңеші күйіп, облыстық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер барынша көмек көрсетіп жатыр.
Оқиға жеке балабақшада орын алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу