Қарағандыда балалар мен жасөспірімдер сарайында технопарк ашылады

1444

Оны құру және жабдықтау үшін қалалық бюджеттен 14 миллион теңге қаражат бөлінді.

Қарағандыда балалар мен жасөспірімдер сарайында технопарк ашылады

Қарағандыда балалар мен жасөспірімдер сарайында технопарк ашу жоспарлануда. Онда робототехника, астрономия, құрастыру және инженерлік негіздер бойынша сабақтар өтеді. Оны құру және жабдықтау үшін қалалық бюджеттен 14 миллион теңге қаражат бөлінді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі. 

Қазір мамандар болашақ технопарктің жобасын әзірлеуде. Қыркүйекте оған қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін және құрал-жабдықтар алуға байқау жарияланады. Ал барлық жұмыстар қарашада аяқталып, ашылады деп көзделген. 

Жаңа технопаркте жұмыс екі негізгі модуль бойынша жүреді: ғылыми-зерттеу және функционалды.

Бірінші бойынша әртүрлі семинарлар мен конференцияларға қатысу, жас зерттеушілердің кіші академиясы жанынан қызмет ету, қызықты астрономия және космонавтика бойынша білім бағдарламасын жүзеге асыру жоспарланған. Ол үшін БЖС-да мобильді планетарий мен жабдықталған астрономиялық кешен орнатылмақ. 

Функционалды модуль аясында бірнеше зертханада сабақтар өткізіледі, оның ішінде робототехника зертханаларында болады. Сонымен қатар бұл жерде оқушылар әртүрлі материалдарды қайта өңдеу технологияларымен танысу үшін және 3D модельге дейінгі қайта өңдеу нобайын анықтаудан бастап дайын өнім құру үшін станоктар орнатылады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу