Қарағандылықтар енді балаларды мектепке онлайн режимінде орналастыра алады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
1 маусымнан бастап 1-сыныпқа қабылдау және мектептен мектепке ауысуға өтінішті school.kargoo.gov.kz порталы арқылы беруге болады.
Баласы бірінші сыныпқа баратын ата-аналарға онлайн-өтінімді қалай дұрыс рәсімдеу керектігі туралы жалпы қалалық ата-аналар жиналысында баяндалады.
Жаңа жүйе бір сыныпқа 25 баладан артық қабылданбайтындай етіліп құрылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу