Қарағандыда балалардың улануы: орталықтың екі тәрбиеленушісі ауруханадан шықты

388

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті. 

Қарағандыда балалардың улануы: орталықтың екі тәрбиеленушісі ауруханадан шықты Фото: kazface.kz

Қарағанды облысының балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай улану салдарынан зардап шеккен тағы 2 бала ауруханадан шығарылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазіргі таңда орталықтың 12 тәрбиеленушісінің жалпы жағдайы жақсарып, әлеуметтік мекемеге оралды. Барлық бала орталық дәрігерлерінің бақылауында", - деп хабарлады басқарма.

Айта кету керек, тамыз айының басында Қарағанды қаласында балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталығында балалар жаппай уланғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу