Қарағандыда балалардың жаппай улануы: Денсаулық сақтау министрі оқиға орнына аттанды

504

Өкінішке қарай, уланған балалардың бірі қайтыс болды. 

Қарағандыда балалардың жаппай улануы: Денсаулық сақтау министрі оқиға орнына аттанды Фото: pixabay

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қарағандыда балалардың жаппай улануына қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Кеше медициналық-әлеуметтік мекемеден 12 баланың ауруханаға түскені туралы ақпарат келіп түсті. Олардың бәрінде "шығу тегі белгісіз улану" диагнозы бар екені анықталды. Әзірге уланудың себебі беймәлім. Өкінішке қарай, 1 бала қайтыс болды. 6 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бес баланың жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Бүгін денсаулық сақтау министрі оқиға орнына аттанды", - деді Айжан Есмағамбетова Үкімет кулуарында.

Оның сөзінше, барлығы да жасөспірім жастағы ұл балалар.

"Уланудың себебін анықтау үшін уақыт керек. Ең басында балалар 30 шілдеде, қалғаны 31 шілдеде ауруханаға түскен. Алғашында олардың астан улануы мүмкін деген күдік болды. Алайда бірінші тергеу нәтижелері мұны жоққа шығарды", - деді Денсаулық сақтау вице-министрі.

Айта кету керек, осыған дейін Қарағандыда балаларға әлеуметтік көмек көрсету орталығында 12 баланың уланып қалғанын жазған болатынбыз. Бас прокуратура бұл жағдай бойынша ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу