Қарағанды облысында "Нива-Шевроле" жүргізуші анасы мен қызын қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Полиция департаментінің ақпаратынша, 12 қараша күні Бұқар жырау ауданындағы Қарағанды-Тоғызқұдық тасжолында "Нива-Шевроле" көлігінің 42 жастағы жүргізушісі 36 жастағы әйел мен оның 7 жасар баласын қағып кетті.
Салдарынан әйел оқиға орнында қаза болды. Қыз бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Ведомстводан мәлім еткендей, факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуы).