Қарағандыда банк ғимараты өртенді

109

Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.

Қарағандыда банк ғимараты өртенді Фото: ТЖМ

Қарағанды қаласы Бұқар Жырау даңғылы бойында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйге жапсарласып салынған бір қабатты банктердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі уақытта ТЖМ күштерімен өрт оқшауланды. Нақты деректер бойынша Қарағанды қаласындағы Бұқар жырау даңғылында орналасқан банктердің бірінде электр сымдарының оқшаулағышы, жылу оқшаулағыш материалдар және сәндік төбе жабындары өртенген", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түспеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу