Қарағандыда батут аударылып, бір бала мерт болды

1599

2004 және 2012 жылы туған тағы екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Қарағандыда батут аударылып, бір бала мерт болды

Қарағандының орталық саябағында қатты желден батут аударылып, бір бала көз жұмды. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтемемен ҚазАқпарат хабарлады.

"25 мамыр күні сағат 17:30-да Қарағандыдағы Орталық мәдени және демалыс саябағында қатты желден үрлемелі батут жақын маңда орналасқан дүңгіршектің үстіне аударылып қалды. Салдарынан 2007 жылы туған бала қаза тапты. 2004 және 2012 жылы туған тағы екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу