Қарағандыда белгісіз біреу жолаушылар автобустарына оқ атты

1951

Күдіктінің кім екені әзірге белгісіз.

Қарағандыда белгісіз біреу жолаушылар автобустарына оқ атты

Қарағанды полициясы автобустарға пневматикалық қарудан оқ атқан адамды іздестіріп жатыр. Әзірге оның аты-жөні анықталған жоқ. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің дерегінше, белгісіз біреу кеше кешқұрым №40, №45 №33 бағыттардағы жолаушылар автобустарына оқ атып, терезелерін сындырған.

"Тексеру барысында полиция қызметкерлері автобустардың бірінің салонынан пневматикалық қарудың диаметрі 4,5 мм металл шарын тапты",–делінген хабарламада.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдіктіні анықтап, ұстау үшін жұмыс жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу