Қарағандыда бес көп балалы отбасы демеушілердің көмегімен баспаналы болды

1167

Қайырымды жандар пәтер алған отбасылардың несиелерінде төлеп берген.  

Қарағандыда бес көп балалы отбасы демеушілердің көмегімен баспаналы болды

1 маусым балаларды қорғау күні мерекесінде Қарағандыдағы бес көп балалы отбасы баспаналы болып қуаныштары еселенді. "Талбесік" көп балалы аналар ұйымының араласуымен демеушілер 7 көп балалы отбасының баспаналы болуына қаржылай көмек көрсетті. "Атымтай жомарт" демеушілер баспанасы жоқ 16 отбасының ішінен 7 жанұяны таңдап алып, көмек қолын созған. Бұл отбасыларда он, алты, бес, төрт балалардан бар. Арасында мүмкіндігі шектеулі бала өсіріп отырған отбасыда кездеседі. Қазіргі таңда бес отбасы пәтер құжаттарын рәсімдеп, оларға пәтер кілттері табыс етілген.

"Бастапқыда демеушілердің қаражаты үш отбасына пәтер алуға жетіп тұрды. Сосын мен банк арқылы елу пайыз қаражат салып, жеті отбасыға баспана алатындай жағдай жасайық деп ұсыныс білдірдім. Енді жеті отбасына банкке елу пайыз ақша салды, әрі қарай көп балалы ата-аналар жұмыс істейді, өз қаражаттарымен қалғанын төлеп отырады. Сонымен қатар демеушілердің бірі жеті ананың несиелерін жауып берді", – деп мәлімдеді "Талбесік" көп балалы аналар ұйымының төрайымы Ләззат Қожахмет.

Бүгін бес отбасына салтанатты түрде пәтер кілті табыс етілді. Енді тағы екі көп балалы отбасы баспана іздеп жүр. Олар алдағы уақытта баспаналы болады. Қаражатымен көп балалы отбасын қуантқан жомарт жандар  аты жөндерін атамай, жасырын қалуды дұрыс деп шешкен.

Айта кету керек, карантин кезінде "Талбесі" көп балалы аналар ұйымының ат салысуымен Қарағанды облысында демеушілер 600-ге жуық тұрмысы төмен отбасына азық-түлік ретінде көмек көрсеткен.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу