Қарағандыда бір күнде 400 ағаш отырғызылды

96

Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы аясында 1 күн ішінде облыс орталығында 400 ағаш отырғызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағандыда бір күнде 400 ағаш отырғызылды Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қала орталығындағы Назарбаев даңғылы бойындағы аллеяға қосымша 60 қарағай егілді.

Әкімдіктің мәліметінше, бұл – бір реттік шара емес.

Көгалдандыру жұмыстары тек қала орталығымен шектелмей, әуежайға апаратын жол бойында және қаланың өзге де аудандарында да жүргізілуде.

Жалпы биыл Қарағандыда 25 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар, саябақтар мен гүлзарларда шамамен 7 мың бұта және 12 700 ағаш егу көзделген.

Бұдан бөлек, қала аумақтарында, соның ішінде өтемдік көгалдандыру аясында 13 мыңнан астам ағаш отырғызылмақ. Ал қалада алма бағының құрылу жұмыстары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу