Қарағандыда бір тәулік ішінде 17 табиғи өрт тіркелді

748

Қарағанды облысында ауа райының ыстық болуына және қатты жел соғуына байланысты өрт қаупі сақталып отыр.

Қарағандыда бір тәулік ішінде 17 табиғи өрт тіркелді

Өңірдің ТЖД мәліметінше, 6 қыркүйекте бір тәулік ішінде 17 табиғи өрт тіркеліп, оның тоғызы жойылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шет ауданында, Қызылтау ауылынан 12 шақырым жерде 5 қыркүйекте құрғақ шөп өртеніп, 300 га жерді шарпыған. Осы ауданның Нұраталды ауылдық округінде, Шопа ауылынан 25 шақырым жерде, 6 қыркүйекте басталған дала өртін жою жалғасуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл учаскеде өрт аумағы 1 000 га құраған.

Бұқар Жырау ауданында, Белағаш орманшылығының аумағында, Төрткөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, 6 қыркүйек сағат 16:40-та құрғақ шөп пен ағаштар өртенген. Орман өртінің болжамды ауданы – 10 га.

Даладағы өрт 6 қыркүйекте Шет, Қарқаралы және Нұра аудандарында тіркелген.

"Барлық ошақтарда ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың ерікті өрт сөндіру құрамаларының және орманшылықтардың күштері жұмылдырылды. Табиғи өрттер мен жануды жоюға барлығы 362 адам мен 83 техника жұмылдырылды", – деп хабарлады ТЖД.

Өрт болған жағдайда дереу 101 және 112 телефондарына қоңырау шалу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу