Қарағанды қаласында ауа райы күрт суытып, көктайғақ орын алды. Көлік жүргізушілерінің көбісі жазғы дөңгелекті қысқы түріне ауыстырып үлгермегендіктен жол-көлік оқиғасының орын алуына себеп. 27 қазанда Қарағанды қаласында 16 жол апаты тіркелген.
Оның ішінде бес жол көлік оқиғасында зардап шеккендер бар. Жол апатынан сегіз адам түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.
"Қарағанды облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы көлік жүргізушілерден көліктерін қысқа дайындап, жылдамдықты шектен тыс асырмай, қарапайым жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.