Қарағандыда бірнеше елді мекен карантинге жабылады

1430

21 маусымнан бастап карантинге түскен аймақтарда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады.  

Қарағандыда бірнеше елді мекен карантинге жабылады

Қарағанды облысында Шахтинск, Шахан қалаларымен қоса Долинка, Жаңа Долинка елді мекендерінде короновируспен ауырған адамдарды саны көтерілген. Осыған орай, бұл аймақтар 21 маусымнан бастап карантинге жабылады.

"17 маусымдағы жағдайға сай облыста 35 673 короновирустық инфекция тіркелді. Оның ішінде Шахтинск қаласында 1 қаңтар мен 17 маусым аралығында 1212 сырқат жұқтыру жағдайы тіркелген. Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына орай, Шахтинск, Шахан, Долинка, Жаңа Долинка аймақтарында 21 маусым 00 сағаттан бастап кейбір нысандардың қызметіне жағдай тұрақталғанға дейін тыйым салуға шешім қабылданды", – деп мәлімдеді облыстың бас санитар дәрігері Юрий Залыгин.

21 маусымнан бастап балаларды сауықтыру лагерлерінің, ойын сауық орталықтары, караоке, компьютерлік клуб, бильярд, боулинг, букмекерлік кеңселердің жұмыстарына тыйым салынады. Ал әлеуметтік-экономикалық нысандар мен "АSHYQ" жобасына қатысатын мекемелердің жұмысы "қызыл" зонадағы режим бойынша шектеулерге бағынып жұмыс жасайды.

21 маусымнан бастап Шахтинск, Шахан аймақтарына Қарағандыдан жүретін қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылады.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу