Қарағандыда биыл 300 дәрігерге қызметтік баспана беріледі

1430

Жезқазғанда сегіз жас дәрігер қоныс тойын тойлады.

Қарағандыда биыл 300 дәрігерге қызметтік баспана беріледі

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек сегіз жас маманға пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Сіздердің жұмыстарыңыз өте күрделі және маңызды. Күндіз-түні дәрігерлер жүздеген адамның өмірін құтқарады. Сондықтан да біз өз тарапымыздан пәтер мәселесін шешуде көмек көрсетуді жалғастырамыз", - деді Жеңіс Қасымбек.

Ол өңірде 300-ге жуық дәрігер осы жылы қызметтік баспана алады деп атап өтті. Атап айтқанда, Жезқазғанда көпқабатты үйлердің бірінде пәтер сатып алу және жөндеу жұмыстары жоспарланған. Күзге қарай тағы 50 дәрігер қоныс тойын атап өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу