Қарағандыда биыл жаңа Сот сарайы ашылады

581

Бұл әкімшілік, қылмыстық және азаматтық корпустардың үш жеке ғимаратынан тұратын кешен болады. 

Қарағандыда биыл жаңа Сот сарайы ашылады

Қарағандыда облыстық соттың жаңа ғимараты салынуда. Жобаны жүзеге асыру екі жыл бұрын басталған болатын. Биыл құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Жылдың екінші жартысында судьялар қоныс тойын тойлайды деп жоспарлануда, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. 

Әділ сот сарайы заманауи талаптарды ескере отырып жобаланған. Бұл әкімшілік, қылмыстық және азаматтық корпустардың үш жеке ғимаратынан тұратын кешен болады. Ғимараттың жалпы ауданы – 13 мың ш. м.

Судьяларға заманауи техника, келушілерге қолайлы жағдай жасалады деп күтілуде. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін нысанның қолжетімділігі қарастырылған. Ұйымдастыру техникасымен жабдықталған заманауи және ыңғайлы күту залы құрылады. Сот процесстерін өткізуге арналған залдар кең болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу