Қарағандыда бос орындар жәрмеңкесі өтеді

454

10 ақпанда Global city-де бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараны Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырады.  

Қарағандыда бос орындар жәрмеңкесі өтеді Фото: gov.kz

Жұмыс іздеушілер бос жұмыс орындарымен және оларға қойылатын талаптармен таныса алады. Жәрмеңкеге жастар, жоғары және орта оқу орындарының түлектері, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар шақырылады, деп жазады inbusiness.kz.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де бос орындар болады.

Зейнеткерлік жасқа дейінгі қарағандылықтар "Күміс жас" жобасына қатысу шарттарымен таныса алады.

  • Шараның өту уақыты: 15:00-ден 17: 00-ге дейін.
  • Мекен-жайы: Global City СҮ: 134-ші есептік тоқсан.
  • Байланыс телефондары: (8-7212) 996-397, 996-393, +7-775-644-35-80 (WhatsApp қосымшасы).
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу