Қарағандыда бүгін жылыту маусымы басталды

1004

Көпқабатты тұрғын үйлерде құбырлар осы аптаның соңына қарай жыли бастайды.

Қарағандыда бүгін жылыту маусымы басталды

Қарағандыда бүгін жылыту маусымы басталды. Бірінші кезекте жылу мектептер, балабақшалар мен ауруханаларға берілді. Көпқабатты тұрғын үйлерде құбырлар осы аптаның соңына қарай жыли бастайды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

"Ауа райының жылуын ескере келе, біз жылуды біртіндеп, жеті күн ішінде қоса бастаймыз. Бүгінгі таңда жылу 26 білім беру нысандарына, 15 балабақша мен 8 денсаулық сақтау нысандарына берілді. Сондай-ақ ПИК өтініштері бойынша 121 көпқабатты тұрғын үйлер қосылды", - деп мәлімдеді Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста. 

Қазір Қарағанды жылуды екі көзден алады: ЖЭО-1 және ЖЭО-3. Екі жылу электр станцияларындағы берілетін жылу температурасы – 60 градус. 
Республика даңғылы және Гоголь көшесіндегі жылу құбырларының жөнделуіне тоқталар болсақ – онда жұмыстар кестеге сай жүргізіліп жатыр, ешқандай қауіп жоқ. 
Теміртауда да ЖЭО-2-де №3 қазандықта жөндеу жұмыстары өтуде. Ол 15 қазанда аяқталады деп жоспарланып отыр. Дегенмен, қала тұрғындарының үйлеріне жылу 5-ші қазаннан бастап беріледі. Қаладағы желілерді қысыммен тексеру және жуу аяқталған. 
Балқашта 5-ші қазанда ыстық сумен қамту іске қосылады. Үйлерді жылыту 10 қазаннан басталады деп жоспарланған, алайда алдағы екі аптада ауа-райы болжамы бойынша ауа температурасы күндіз 27 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, сондықтан жылу беруді сәл кідіру туралы шешім қабылданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу