Қарағандыда бұрынғы әйелін өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

164

Ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Қарағандыда бұрынғы әйелін өлтірген ер адамға сот үкімі шықты Фото: canva.com

Қарағандыда бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ер адам бұрынғы әйелін қасақана өлтірді деп айыпталды. Соттың мәліметінше, осы жылдың 25 сәуірінде ер адам мен оның бұрынғы жұбайы арасында жанжал туындаған. Сол күні сағат 20.00 шамасында мас күйде болған сотталушы ас үй пышағын алып, бұрынғы әйеліне үш рет пышақ жарақатын салған, кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші алған жарақаттарынан Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада көз жұмды.

"Соттың үкімімен Т. "Адам өлтіру" бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа мекемесінде өтейтін болады. Сот сотталушының мас күйде қылмыс жасауын қылмыстық жауаптылық мен жазаны ауырлататын мән-жай деп таныды. Іс бойынша жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталмады", - делінген облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.

Жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық зиянды өтеу үшін 20 млн теңге өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу