Қарағандыда бұзақы такси жүргізушісінің қос телефонын ұрлап кеткен

353

Оған келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құрады.

Қарағандыда бұзақы такси жүргізушісінің қос телефонын ұрлап кеткен Фото: Pixabay.com

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне 28 жастағы қала тұрғыны хабарласқан.Оның такси жүргізушісі болып қызмет ететіні белгілі болды. Сол күні ол таксимен бір жолаушыны діттеген жеріне дейін апарып тастаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жолаушының діттеген жеріне барар жолда жүргізуші дәріханаға тоқтап, өзіне қажетті дәрі алған, кейін көлігіне келгенде жолаушының жоқ екенін байқаған.

Жолаушы көліктен кеткенде жүргізушінің қос телефонын ұрлап кеткен. Оған келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құрады.

ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері кезінде тәртіп сақшылар "ізін суытпай" қылмысқа қатысы бар 26 жастағы азаматшаны ұстады. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу