12 ақпан күні сағат 12:53-те Қарағанды қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан дәмхананың ас үй бөлмесінде 10 ш.м. аумақта өрт шыққан.
Алдына ала болжам бойынша күйік алған әкімші емдеу мекемесіне жіберілді.
ЖД күштері баспалдақ арқылы үйден 10 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Өрт сағат 13:35-те сөндірілді. Өрт орнына Қарағанды облысы ТЖД 27 адамы мен 7 техникасынан тұратын күштері мен құралдары жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу