Қарағандыда дәмханадан шыққан түтіннен 31 адам эвакуацияланды

142

Зардап шеккендер жоқ.

Қарағандыда дәмханадан шыққан түтіннен 31 адам эвакуацияланды Фото: Бейнежазбадан

Оқыс оқиға Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы, Республика даңғылында орналасқан 17 қабатты тұрғын үйде орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дәмхананың сорғыш жүйесінен түтін шығып, ұшқын атқылаған.

"Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қауіпсіздік мақсатында подъезден 31 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда", – деп жазылған хабарламада.

ТЖМ төтенше жағдай туындағанда 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу