Қарағандыда қатты желден балалар ойын алаңымен бірге ұшып кетті

1400

Жарақат алған екі бала ауруханаға түсті.

Қарағандыда қатты желден балалар ойын алаңымен бірге ұшып кетті Фото: видеодан скриншот

Қарағанды қаласында 19 маусымда қатты дауыл көтерілді. Дауыл кезінде шамамен сағат 14.00 де Көгілдір тоғандар ауданындағы 11 ші тұрғын үйдің балалар алаңқайының жабыны балалар мен қоса ұшып кеткен. Тұрғын үй аумағындағы бейнекамерадан екі баланың ұшып кеткені көрінеді. Жерден көтеріліп кеткен алаңқай жабынымен алысқа ұшып кеткен баланың бірі жан сақтау бөліміне түскен. 

“2015 жылы туған бала Мақажанов атындағы ауруханаға ауыр деңгейдегі бас ми жарақатымен түсті. Баланың бас сүйегі әрі маңдай тұсындағы сүйегі жаншылып сынған әрі иығы сынған. Қазіргі уақытта бала жан сақтау бөлімінде жатыр. Екінші жарақат алған бала 2014 жылғы бас ми жарақатын алған ол Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді“,- деп хабарлады Облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Желмен ұшып кеткен ойын алаңқайын мердігер өткен аптада орнатыпты.

“Бұл жасанды көгалды жаюмен мердігер ұйым өткен аптадан бастап айналыса бастаған еді. Ол периметрі бойынша ғана бекітілген бірақ пайдалануға берілмеген, өйткені үстіне ойын элементтерін қою керек болды . Екі аудан әкімініне ойын алақайларын тексеруге тапсырма бердім”,- деп мәлімдеді қала әкімі Мейрам Кожухов.

Сонымен қатар қатты дауылдың салдарынан Бәрімбек Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының 4 қабатты оқу ғимаратының шатыры ұшып кетті. Мұнда зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу