Қарағандыда дене қызуы көтерілген 8 жасар қыз бала таңертең оянбады

554

Қыз баланың дене қызуын дәрі-дәрмекпен түсірген. 

Қарағандыда дене қызуы көтерілген 8 жасар қыз бала таңертең оянбады Фото: pexels.com

17 желтоқсанда қыз баланы ата-анасы ауруханаға алып келген. Дәрігерлер баланы емдеу мекемесіне қалдыруды ұсынды, бірақ анасы мен әкесі ауруханаға жатқызудан бас тартты, деп жазады inbusiness.kz halyq-uni.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

8 жасар қызды үйіне жеткізіп, дене қызуын дәрі-дәрмекпен түсірген. Алайда ол келесі күні таңертең оянбаған.

Қазір кенеттен болған өлімнің жай-жапсары мен себептері анықталып жатыр. Мектепте белсенді дезинфекция жүргізіліп, микробтарды жою үшін сыныптар жуылып, барлық оқушыларды кезекші медбике тексеріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу