Қарағандыда денсаулық сақтау саласының үздік мамандары марапатталды

840

Қарағандыда денсаулық сақтау саласының үздік мамандары марапатталды

Бүгін кеншілер мәдениет сарайында денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. 8 үздік маман диплом мен облыс әкімінің сыйлығын иеленді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шараны Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ашты. "Құрметті медицина қызметкерлері, бүгін біз сіздерді, ең абзал мамандарды ұлықтау үшін жиналып отырмыз. Сіздердің әріптестеріңіз айтпақшы, медицина - ол махаббат. Әйтпесе оның мәні жоқ. Мүмкін тек осы себепті көп уақытты мамандықты үйрену үшін оқуға жұмсап, сонан соң ең маңызды зат - адам өмірін сақтап қалуға бар күштеріңізді жұмсайсыздар", - деді аймақ басшысы.

Сонымен қоса облыс әкімі дәрігерлерімізге кейде ыңғайсыз жағдайда жұмыс істеуге тура келетінін, алайда соған қарамастан олар кәсібилігінің арқасында әрдайым тығырықтан шығар жол таба алатынын айтты. Денсаулық сақтау саласындағы проблемалар біртіндеп шешіледі. Алдағы жоспарда облыстық аурухананың жаңа ғимаратының және Қарағандыдағы онкологиялық диспансердің операциялық блогының құрылысы тұрғандығын жеткізді әкім.

Өз сөзін қорытындылай келе облыс әкімі денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады: "Мемлекет басшысы әрдайым ұлт денсаулығы - ел болашағының негізі екенін қадап айтады. Сол болашақ сіздердің қолдарыңызда. Барлық қарағандылықтардың атынан медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Біз сіздерден ғажайып күтеміз, ал сіздер сол ғажапты қолдарыңызбен жасайсыздар. Сіздерде шұғыл жағдайлар аз, ал риза емделушілер көп болсын".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу