Қарағандыда денсаулық сақтау саласының жас мамандары тұрғын үй сертификатына ие болды

871

Дәрігерлерге "Jastar – senim men serpin" республикалық форумында әлеуметтік көмек көрсетілді. 

Қарағандыда денсаулық сақтау саласының жас мамандары тұрғын үй сертификатына ие болды

Қарағандыда денсаулық сақтау саласының жас мамандары тұрғын үй сертификатына ие болды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Дәрігерлерге "Jastar – senim men serpin" республикалық форумында әлеуметтік көмек көрсетілді. Акцияны Senim кәсіби одағы Жастар жылы аясында бастап отыр.

Кәсіподақ форумының эстафетасын Қарағанды Қостанайдан қабылдады. Осыған дейін аталмыш іс-шара Атырау мен Қызылорда қалаларында да өткен болатын. 

"Senim Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының орталық комитеті 500 мың теңгеге қайырымдылық сертификаттарын үлестірді. Форум барысында оларды ауылда жұмыс істейтін 21 жас маманға табыс етті. Бұдан басқа, тұрғын үй сертификаттарын беретін әлеуметтік қолдаудың жаңа бағдарламасы жарияланды. Бұл мақсатқа 120 млн теңге бөлінді", – деді кәсіподақ төрағасы Сапарбек Дүйсенов Қарағанды медицина университетінде өткен форумның жабылу салтанатында.

Сертификат құны 1 миллион теңгеге дейін. Бұл қаражат жас дәрігерлерге пәтер алу үшін бастапқы жарнаны толық төлеуге мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу