Қарағанды облысында әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының өліміне қатысты іс бойынша негізгі күдікті болған ер адамның мәйіті табылды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Ақтоғай ауданы аумағында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында 39 жастағы азаматтың денесі анықталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол Қарағанды қаласында 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызын өлтірді деген күдікке ілінген.
Алдын ала деректерге сәйкес, ер адам өз атына заңды түрде тіркелген қаруды пайдаланып, өзіне оқ атқан. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске салайық, 26 наурыз күні Қарағанды қаласындағы Крылов көшесінде орналасқан пәтерден әйел мен оның жасөспірім қызының мәйіттері табылған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу