Қарағандыда екі адамды өлтірген күдікті ұсталды

685

26 шілде күні түнгі сағат 01:30 шамасында Қарағанды қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан екі адамның мәйіті табылды. 

Қарағандыда екі адамды өлтірген күдікті ұсталды

Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлерімен бірден оқиға болған жерді қарау күдіктіні анықтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

– Жедел әрекеттер барысында Қарағанды қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 23 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жәбірленушілермен сөзге келіспушілік барысында пышақ жарақатын салғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қылмыс құралы тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен жәбірленушілердің жеке басы анықталды. Олар 18 және 20 жастағы азаматтар. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу