Қарағанды мен Абайдағы сауда нүктелерінің екі иесі Ресей Федерациясынан келетін тауарларды бәсекеге қабілетті бағамен сату туралы интернеттегі хабарландыруға сенді. Әйелдер іс жүзінде бейтаныс адамның картасына барлығы 3,9 миллион теңге аударған. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық-медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Келісім бойынша тауар былтырғы жылдың желтоқсан айында келуі тиіс болған. Алайда, арада бір ай өтседе тауар келмей, жәбірленушілер алданғандығын біліп, полицияға жүгінді
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, осы іске қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы азаматша анықталып, ұсталды. Ол жасаған қылмысын мойындады.
Аталған дерек бойынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері барысында күдікті азаматшаның осыған ұқсас тағы да 4 қылмысқа қатысы бар екені анықталды.
Қазіргі таңда, күдіктінің жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі анықталып жатыр.