9 мамырда Қарағандының оңтүстік-шығыс бөлігінде екі жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Жетінші қабаттан құлап, сәби жарақат алып, сол жерде көз жұмды, деп жазады Е-Қарағанды порталы.
Ақпаратты Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті растады. Құтқарушылар ересектерді абай болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу