29 наурыз полицияға Қарағанды қаласының Магнитогорск көшесіндегі автобус аялдамаларының бірінің маңында белгісіз экскаватор жаяу жүргіншіні қағып кеткендігі туралы хабарлама түсті.
Ал оны қағып кеткен жүргізуші ол жерден қашып кеткен. Аталған дерек бойынша қалалық ПБ-ның барлық жеке құрамына бағыттама берілді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікпен 61 жастағы экскаватор жүргізушісі ұсталды.
ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу