Қарағандыда "Қарлығаш" оқу орталығы ашылды, онда экскурсия жетекшілері, туристік агенттер және нұсқаушы-әдіскерлер оқытылатын болады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Оқу орталығының жетекшісі Қарлығаш Әбілсеиітованың айтуынша гид-экскурсия жетекшісі мамандығына деген сұраныс "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізу барысында ұлғайған екен. Оған қоса біздің аймағымызда Бектау ата немесе Ұлытау секілді киелі жерлер жеткілікті. Олардың барлығымен қарағандылықтарды таныстыру үшін гидтер қажет. Экскурсия жетекшісіне кез-келген мамандық иелері қайта даярлана алады, себебі ең бастысы – ынта. Ал білім мен тәжірибені оқу барысында алуға болады.
Қазір орталықта он адам оқып жатыр, бұл бірінші топ. Төрт айда олар кәсіпкерлік негіздерімен танысады, Қарағанды облысы мен республикамыздың тарихы және географиясын оқып-зерттейтін болады. Оқушылар тәжірибеден де өтеді, олар үшін аймағымыз бойынша экскурсиялар ұйымдастырылады. Емтихандар шілде айына жоспарланып отыр. Орталықта оқу құны 38 000 теңге. Алайда бірінші оқу тобы Жұмыспен қамту орталығы арқылы құралған болатын. Курстар "Тиімді жұмыспен қамту" бағдарламасы аясында ашылған.