Қарағандыда электронды билет беру жүйесі кешіктірілуде

1112

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек  үш жылдан бері іске аспай қойған электронды билет беру жүйесін сынға алды.

Қарағандыда электронды билет беру жүйесі кешіктірілуде

Қарағанды қаласында автобустарда  электронды билет беру жүйесін жекеменшік қаржы негізінде жүзеге асыру көзделіп келеді. Алайда бұл жоба жүзеге асады дегелі үш жыл болды. Былтырғы жылдың соңына қарай көптеген автобусқа электронды билет беру жүйесінің валидатор қондырғысы орнатылған. Биліктегілер жылда электронды жүйені қосатын белгілі бір уақытты айтады, алайда ол әдеттегідей жүзеге аспай қалады. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек нақты уақытты талап етті.

"Бізде электронды билет беру жүйесінің іске аспай тұрғанына үш жыл болды, келісімшарт баяғыда жасалған. Қашан біз осы жобаны бастаймыз?",– деп облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қала әкімі Нұрлан Әубәкіровке.

Бүгінде қаладағы 549 қоғамдық көліктің ішінде 497 автобусқа валидатор орнатылыпты.

"Қазіргі уақытта қалған автобустарға арнайы құрылғыларды орнатып жатыр, бүгінде карта келген. Енді жұмыс ықшамдалып қалды, осы ақпан айында электронды билет беру жүйесі іске қосылады",– деп мәлімдеді қала әкімі Нұрлан Әубәкіров .

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жоспардың белгіленген уақытта орындалуын тапсырды.

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек қоғамдық көліктің аз жүретінін айтып, шағымданған тұрғындардың көп екенін тілге тиек етті.

Айта кету керек,Қарағандыда автобустар аз болғандықтан оның іші жолаушыға лық толып тұрады. Боранды күндері кейбір жолаушылар автобусқа сыймай, жаяу жүруге мәжбүр. Ал осы автобус жүргізушілері лық толы автобуспен өзара жарысуды тоқтатпай келеді. Өткен аптада жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан тұрғынды 118-автобус қағып кеткен болатын. Бүгін сол тұрғын ауруханада көз жұмды.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу