Акция “Халық қаһарманы” Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналады. Полиция қызметкері лаңкесті ұстау кезінде қаза тапқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Акцияға қатысушылар қайтыс болған полиция қызметкерлеріне арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды. Б.Бейсенова атындағы ҚР ІІМ академиясында өткен дөңгелек үстелге қатысты.
Қазіргі заман қаһармандары – батылдық сабағында оқушылармен кездесті. Елімізде өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін жүзден астам “Жас сақшы” кадет сыныбы жұмыс істейді. Аталған кадет сыныптарына қаза болған қызметкерлердің есімі берілген. Акция Кеншілер мәдениет сарайында өткен салтанатты іс-шарамен аяқталды. Онда еңбегі еленген тәртіп сақшысына марапаттар табысталды.