Қарағандыда еңбек дауын шешуге арналған бірыңғай алаң құру ұсынылды

872

Қарағандыда еңбек дауын шешуге арналған бірыңғай алаң құру ұсынылды

Қарағандыда еңбек дауын шешуге арналған онлайн-алаң құру ұсынылды. Бұл идеяны "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев айтып өтті, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасында туындаған шиеленісті жайттарды талқылауға болатын интернет-платформа құру ұсынысы вице премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен семинар-жиналыс барысында жасалды. Шара Қарағандыда 13 қарашада өтті. 

"Еңбек процессінің үш негізгі жақтары: кәсіподақтар, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы өзара келіссіөздер күшін нығайту қажет. Ортақ бір келіссөз алаңы болса екен. Бұл ретте еңбек инспекциясы, кәсіподақтар, жұмыскерлер мен басқа да қатысушылар компания ішінде немесе оның шегінен шыққан штаттан тыс немесе шиеленісті жайттар туралы мәселе көтерулеріне мүмкін болатын бірыңғай портал туралы айтып отырмыз. Яғни, мысалы, үндеуді кәсіподақ жасайды да, оны барлық жақта көре алады.Мұндай шешім көшпелі шаралар, тексерулер санын азайтуға, сондай-ақ шиеленісіп келе жатқан еңбек дауларына шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді", - деді Олжас Ордабаев. 

Оның айтуынша, мұндай платформа құру айтарлықтай оңай болады: ол үшін керемет қаржылық және уақыт шығына қажет емес. Қазір бұл идеяны ірі компаниялардың кәсіподақтары мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары талқылап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу