Қарағандыда ер адам өзінің екі жасар қызын кепілге алды

1013

Полицейлер ер адаммен төрт сағат бойы келіссөз жүргізіп, баланы құтқарды.

Қарағандыда ер адам өзінің екі жасар қызын кепілге алды

Қарағанды полицейлері өзінің екі жасар қызын кепілге алған 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, кеше сағат 15:20-да "102" телефонына 34 жастағы ер адамның туған қызын кепілге алғаны туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына барлық жедел қызмет жұмылдырылды. Полицейлер ер адаммен төрт сағат бойы келіссөз жүргізген. Нәтижесінде 2 жасар қыз аман-есен құтқарылды.

"Ұсталған ер адам полицияға жеткізілді. Арнайы операция кезінде ешкім жапа шеккен жоқ", – делінген хабарламада.

Ер адамның неге мұндай қадамға барғанын тергеу анықтайды.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Басқа ақпарат ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу