Қарағандыда ер адам жасөспірім қызға тиісіп, айқай шығарған

893

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде пайда болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарағандыда ер адам жасөспірім қызға тиісіп, айқай шығарған Фото: бейнеден скриншот

Оқиғадан видеокадрды қыздың анасы әлеуметтік желілерге жариялаған. Анасының айтуы бойынша, келеңсіз оқиға 6 маусымда қаладан Майқұдық қаласына қатынайтын қоғамдық көлікте болған. Белгісіз ер адам қызына аяғын айқастырып отырғаны үшін тиісе бастаған.

"Қызымның айтуынша, ер адам автобусқа кіріп,  бірден оған көз салған. 15 минуттан кейін қызым аяғын айқастырып отырғанына тиісіп, “түсір аяғыңды” деп айқайлай бастаған. Қызым оның сөздеріне ұзақ уақыт жауап бермеді.  Ал ол болса “саңыраусың ба” деп оған жауап бермегеніне одан сайын ашулана түскен.  Қызымның аяғы ешкімге көршісіне де, орындыққа да кедергі келтірмеген. Одан бөлек автобуста қоршау болды.  Ал ол болса алдағы қызға кездергі келтірді деп менің қызыма тиісе берді. Мұны естіген алдағы қыз бәрі жақсы екенін, ешкім ыңғайсыздық тудырмағанын жеткізе бастаған", – деді жасөспірімнің анасы.

Оқиға кезінде автобуста болған өзге жолаушылар кәмелет жасқа толмаған қызды ер адамнан қорғауға тырысқанын көруге болады. Олар ер адамға айқайламауын, бұл қылығын қоюды өтінген.

"Ол өз-өзімен жайлы отыр, маған мүлдем кедергі келтіріп отырған жоқ. Сабыр етіңіз, өтініш", "Сіз оған неге айқайлайсыз? Ер адам қыз балаға ешқашан дауыс көтермеген. Қызыңыз,анаңыз жоқ па? Сен де анадан тудың. Айтатыныңды айттың ғой, неге қайталай бересің? Ұят қайда?", “Қыз балаға тек анасы ғана айтады, ер адам емес", – деген жолаушылар дауысы естіледі. 

Дегенмен, агрессивті ер адам ескертулер мен өтініштерге еш назар аудармай, жанжалды одан әрі өрбіте түскенін байқауға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу