Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінің ауласында шақыруға келген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін белгісіз бір ер адам төбелей жөнелген.
Оған аула жолымен өте алмағаны себеп болыпты.
Тәртіп сақшылары ер адамның кім екенін анықтады.
"Қазіргі уақытта жүргізушіге қол көтерген ер азаматты ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Бұзақылық әрекетпен адам денесіне қасақана дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды", – деп мәлім етті Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу