Қарағандыда ерекше балалардың аналары әлеуметтік қызметтер порталында қымбат баға мәселесін көтерді

303

Мемлекеттік порталда ортопедиялық аяқ киім, мүгедектер арбалары, памперстер және мүгедек балаларға арналған басқа да тауарлар дүкендерге қарағанда 2-3 есе қымбат тұрады.  

Қарағандыда ерекше балалардың аналары әлеуметтік қызметтер порталында қымбат баға мәселесін көтерді Фото: Ult.kz

Антонина Мищенко көз жасына ерік берді. Оның баласы эпилепсиямен ауырады және қыс бойы онымен бірге үйде отыруға мәжбүр. Сыртқа шығу үшін қолайлы арба жоқ. Мемлекет әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 600 мың арба ұсынып отыр. Бірақ, аналардың қалтасы мұндай бағаны көтермейді.

"Енді егер сіз жаңа арбаны алсаңыз, ол 600 мыңнан басталады. 570 мың және одан жоғары. Біз порталға үміттендік. Онда қосымша ақы төленеді. Сол 600 мың. Яғни, портал ештеңеге көмектеспейді ме? Көмектеспейді, әрине", - деді ашынған ана Антонина.

Портал мүгедектер өздеріне сәйкес келетін өнімді өздері таңдай алатындай етіп құрылды. Министрлік әрбір атауға мемлекет өтейтін шекті құнды белгіледі. Бірақ, мысалы, егер дүкенде ортопедиялық аяқ киімдер 12 мың болса, онда жеткізуші оны порталға 37 мыңға сатылымға қойған. Супермаркетте бір памперс 150 теңге болса, порталда 270. 

"Ең шектен шыққан нәрсе-басқа қалалар аналарға керемет соманы қосымша төлемеу үшін жағдайды реттей алады. Қарағандыда біздің отбасыларымыз үшін мұндай мүмкіндік жоқ. Отбасы мүшелерінің бірі үйде бала күтімі бойынша отыруы керек. Ал, көбінің отбасында тек анасы мен баласы бар. Жұмысқа бара алмайды. Ал біз мұндай соманы қайдан аламыз? Жалпы үмітсіз жағдай", - дейді ерекше баланың анасы Виктория Клукач.

Кәсіпкерлер бағаны қоя отырып, оны мемлекет өтейтін шекті деңгейге дәл келтіруден тартынбайды. Аналар бюджет ақшасының қайда кететінін білмей дал. Шенеуніктер ештеңе істей алмайды. Олар баға қанағаттандырмаса-тауарды алмаңыздар деп қысқа қайырады. 

"Біздің құқығымыз жоқ. Ұят - ұят емес бұл басқа мәселе. Біздің құзыретімізге бақылау құқығы жатпайды. Мұнда өкілеттіктері бар бақылаушы органдар, олар өз өкілеттіктері шеңберінде қарауы керек", -  деп жауап берді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Ермек Нуксуев.

Кәсіпкерлер қауымдастығы жеткізушілердің ісін құптамайды. Әлеуметтік осал топтардың арқасында пайда тапқан әрине дұрыс емес.

"Интернеттегі сатылымдар керісінше арзанырақ болуы керек. Жол үшін төлеу қалыпты емес және дұрыс емес. Менің ойымша, бұл мәселемен құқық қорғау және қадағалау органдары міндетті түрде айналысуы керек. Мен Қарағанды облысы мәслихатының депутаты ретінде бұл мәселені уәкілетті мемлекеттік органдарға жеткіземін", - деді Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының президенті, Қарағанды облысы мәслихатының депутаты Ермек Әбілдин.

Аналардың талаптары барлық жеткізушілерге қатысты емес. Егер бұрын олар порталдан сапалы тауар таба алмаса, қазір оларды табу оңай. Жеке жеткізушілер өз тауарларына тиісті баға қояды, дейді аналар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу