Қарағанды қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы гараждардың аумағынан 24 жастағы азамат ұсталды.
Ол өз еркімен ұнтақ тәрізді ақ түсті заты бар 18 орамды берді. Ұсталған азамат осыған дейін бірнеше жерге есірткі жасырып үлгергенін мойындады. Оның айтуымен оқиға орындарына жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында полиция қызметкерлері тағы да 32 орам ақ түсті ұнтақ заттарды тәркіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу