Қарағандыда есірткі саудасымен айналысқандар ұсталды

124

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттың 7,6 келі гашиш екені белгілі болды.

Қарағандыда есірткі саудасымен айналысқандар ұсталды Фото: Polisia.kz

Полиция қызметкерлері мен прокуратураның бірлескен іс-шараларының нәтижесінде Қарағанды қаласының 41 және 53 жастағы тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ақпарат порталы.

Ұсталғандар қала аумағында есірткі сатуды ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Жедел әрекеттердің нәтижесінде заңсыз айналымнан есірткі тәркіленді.

"Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп жазылған хабарламада.

Полиция есірткіні сату ауыр қылмыс санатына жататынын және ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылып, 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады.

Жыл басынан бастап Қарағанды облысы аумағында есірткі заттарын тарату және граффити арқылы жарнамалаудың бес дерегі анықталып, ұсталғандар жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, облыс аумағында ірі көлемдегі есірткі зертханасы жойылып, 1 тоннадан аса прекурсор мен 10 келіден аса дайын есірткі тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу