Қарағандыда эскалатордан құлаған жігіт оқиғаның мән-жайын айтты

1466

Жас жігіт еденге қатты соққымен құлағаннан кейін есінен танып қалған. 

Қарағандыда эскалатордан құлаған жігіт оқиғаның мән-жайын айтты Фото: stan.kz

Әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы сауда-ойын-сауық орталығында болған оқыс оқиғаның бейнежазбасы тарады. Онда ер адам эскалатормен түсіп бара жатқан жігіттіаяғымен теуіп жіберіп, еденге құлатқан. Зардап шеккен жігіт оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды  inbusiness.kz Azattyq Ruhy порталына сілтеме жасап.

11 Сәуірде Қарағандыда 25 жастағы тұрғын шаш қию үшін қаладағы ойын-сауық орталығына барған. Жігіттің айтуынша, дәретханаға кірген кезінде кабиналардың бірінен екі адамның ұрысып жатқан дауыстары шыққан. Ол екеуара жанжалға араласпаған. Алайда дәретханадан шыққаннан кейін әлгілердің бірі жас жігіттің артына түскен.

"Мен Adidas орталығының жанында тұрдым. Ол өзінен өзі маған шабуылдай бастады, біздің арамызда төбелес шықты. Мен оны еденге жығып құлаттым. Кейін бұл жігіт мені біреумен шатастырғанын айтты. Мен оны жібергеннен кейін әркім өз бағытына қарай кетті. Содан соң мен эскалатормен түсіп бара жатқан кезімде әлгі жігіт артымнан келіп аяғымен теуіп жіберді. Абырой болғанда мен екі-үш қадам жасап үлгердім де, еденге құлап түстім", - дейді зардап шеккен жігіт.

Қарағанды облысының полиция департаменті 31 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады.

"Басында, әрине, есеңгіреп қалдым, бірақ қазір болған жағдайды ойымнан шығаруға тырысып жүрмін. Ол адам ұсталды. Тергеу жүріп жатыр. Мен арыз жаздым, бәрі заң аясында болады. Полиция маған оның 2009 жылдан бері психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғанын айтты. Ең бастысы, бәрі жақсы. Бастысы мен тірімін, саумын. Мен ол адамды танымаймын, оны ешқашан көрген емеспін", - деді жас жігіт.

Бұзақы нейропсихиатриялық диспансерде жатыр. Тергеу жүргізілуде.

Айта кетсек, Қарағанды қаласында эскалатормен түсіп бара жатқан ер адамды бейтаныс біреу арқасынан теуіп жібергенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу