Қарағандыда ескі автомобильдерді өңдеу зауыты 2018 жылы толық қуаттылығына көшеді, деп хабарлады strategy2050.kz.
"Сарыарқа" АЭА аумағында "Recycling Company" автомобильдерін кәдеге жарату зауытының жақсы болашағы бар.
Зауыттың қуаттылығы - жылына 50-55 мың машина немесе 60 мың тоннаға жуық қара металл. Кәсіпорынның болашағы бар. Қарағанды облысы автокөлік қалдықтарын өңдеу орталығы болып таңдалды, ал ел бойынша 16 қабылдау пункті жұмыс істейді. Зауыт жеңіл автомобильдерден басқа, үлкен жүк машиналарын, ауыл шаруашылығы техникасын өңдей алады. "Жасыл экономика" аясында бұл маңызды жоба болып табылады.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысында "Сарыарқа" АЭА аумағында ескі автомобильдерді кәдеге жарату бойынша алғашқы зауыт ашылған болатын. Жобаның іске қосылуы 2017 жылғы 26 шлдеде өтті.
Жоба құны - 3,4 млрд теңге. Компания толығымен қазақстандық компания болып табылады.
Өндірістің бірінші кезеңінде автомобильдерді престеу және қалдықтарды бөлу көзделеді. Екінші кезеңі 2018 жылғы қыс мезгілінде іске қосылады деп жоспарлануда. Ол уақытқа дейін балқыту зауытын салу қажет. Екінші кезеңде пирролизді жабдық орнату, автомобильдер құйып алынған майлар мен сұйықтықтарды өңдеу көзделеді.
"Зауытқа ескі автомобильді оның иелерінің өздері тапсыра алады. Олар үшін сыйақының екі нұсқасы ұсынылады: қолма-қол 150 000 теңге немесе елімізде шығарылған жаңа автомобильді сатып алу кезінде 350 000 теңге мөлшерінде жеңілдік берілетін сертификат. Кез келген ескі көлікті оның жағдайына қарамастан тапсыруға болады", - деп түсіндірді әкімдікте.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 2016 жылғы қарашада ескі автомобильдерді кәдеге жарату пилоттық бағдарламасы бастау алған болатын.