Қарағандыда ескі ғимарат жөнделіп, жас дәрігерлерге берілді

1100

Майқұдықтағы Магнитогорская көшесіндегі бұрынғы аурухананың ескі екі қабатты ғимараты жөндеуден өтіп, жас дәрігерлерге пайдалануға берілді, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағандыда ескі ғимарат жөнделіп, жас дәрігерлерге берілді

Мердігер компания барлығын өзгерткен. Тек сыртқы қабырғалар мен шатыр құрылымы ғана өзгеріссіз қалды. 1948 жылы салынған ғимаратта ағаш едендер болған, олар да ауыстырылды. Бүгін мұнда аумақ абаттандырылып, балалар алаңы орнатылды.

"Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз. Биылғы жылы денсаулық сақтау басқармасы медицина қызметкерлері үшін де, жалпы облыстың медициналық мекемелері үшін де көп нәрсе істей алды деп санаймын. Келесі жылы Оңтүстік-Шығыстағы көпсалалы балалар ауруханасының құрылысын аяқтау, онкодиспансердегі операциялық блокты бастау және аяқтау жоспарлануда. Өңіріміздің барлық аудандары мен қалаларында орталық медициналық мекемелерге түрлі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жабдықтар сатып алынды. Облыстағы медицина бюджеті екі есеге жуық өсті", - деді жаңа ғимаратты көруге барғанда өңір басшысы Жеңіс Қасымбек.

Жеңіс Қасымбек жаңа қоныстанушылармен танысып, жұмыс сапасына баға берді.

"Пәтерлерді кімге тапсыру керектігін біз әлеуетті мамандықтар қағидаты бойынша комиссия көмегімен шештік. Бұл терапия, хирургия, гинекология, травматология және т.б.  Жас мамандардың көпшілігі – біздің резиденттер, олар үшін біз оқу ақысын төлейміз", – дейді №1 көпсалалы аурухананың директоры Дмитрий Чернов.

Үйде 10 бір бөлмелі және 2 екі бөлмелі пәтер бар. Олардың әрқайсысындағы ас үй жиһазбен және микротолқынды пеш, тоңазытқыш, кір жуғыш машина секілді қажетті жабдықтармен жабдықталған.

Жалға берілетін тұрғын үйде тек коммуналдық қызметтерді төлеу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу