Қарағандыда ескі үйлер жаппай сүріледі

967

Қарағандыда ескі үйлер жаппай сүріледі

Қарағандыда ескі үйлерді сүріп, орнына жаңа көпқабатты баспаналар салынады, деп хабарлайды 24.kz.

Сонымен қатар кезінде бос тұрып, тоналған үйлерді де қалпына келтіру жұмыстары да қолға алынады. Бұл жөнінде аймаққа жаңа жобамен келген қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының өкілдері мәлімдеді. Олар осы мақсатта жергілікті бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

Естеріңізге сала кетейік, үкіметтің кеңейтілген отырысында елбасы Қарағанды қаласындағы ескі үйлер мәселесін қатты сынға алған еді. Енді қолға алынған жоба барысында келешекте Қарағанды маңындағы серіктес қалалардағы бос үйлерді де қалпына келтіріп, халыққа тапсыру қарастырылып жатыр. Бұл жұмыстардың бәрі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқасында жүзеге асатын болады.

Айта кету керек, қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы бойынша білім және денсаулық сақтау салаларында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында 20-дан астам жоба іске асырылған.

"Ескі үйлерді сүріп тастап, бұл жер учаскелерін бизнесмендерге беру керек. Құрылыс жүргізуге құлықты кәсіпкерлер табылатынына кәміл сенемін. Зәулім үйді салған соң олар бір бөлігін пәтер иелеріне қайтарып, ал қалған бөлігін өздері сата алады. Ал бірінші қабатын жалға беріп табыс табуға да болады. Сондықтан оларға да тиімді", - дейді Қазақстандық МЖӘ орталығы төрағасының орынбасары Талғат Матаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу