Қарағандыда үш күн бойы есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында жеңіл атлетикадан ҚР чемпионаты өтеді. Жарыс халықаралық сайыстарға қатысу үшін ең мықты жеңіл атлеттерді анықтайды, деп жазады inbusiness.kz Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Спортшылардың жасы 14 жастан асқан. Толық құрамда Қарағанды облысының командасы өнер көрсетеді. Біздің өңірдің намысын 12 адам қорғайтын болады.
– Біздің облысты алты жігіт пен алты қыз таныстырады. Бізде Кристина Трайтқа үміт зор. Ол қысқа қашықтықтағы қыздар арасында Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Мақсат қойылды, біздің спортшыларымыз жеңіске жетеді деп үміттенеміз, – дейді Қарағанды облысының мүгедектер спорты бойынша облыстық мамандандырылған мектебінің басшысы Жанат Жұмабеков.
ҚР сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша бас жаттықтырушысы Максим Рожковтың айтуынша, жеңіл атлетикамен айналысқысы келетін жастар саны артып келеді.
– Сурдлимпиадалық спорт түрлері соңғы жылдары Қазақстанда қарқын алуда. Әсіресе жеңіл атлетика жоғары қарқынмен дамып келеді. Соңғы жазғы Сурдлимпиада ойындарында біздің спортшылар керемет өнер көрсетті. Жарыс Бразилияда өтті. Жеңіл атлеттер бір алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды, – деді Максим Рожков.
ҚР чемпионатында өткен жылғы жеңіл атлетикадан жазғы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері алматылық Рауан Бейсебай да өнер көрсетеді. Жігіт 14 жасынан бастап спортпен шұғылданады және ұзын таяқпен секіру түрінде ең үздік болуды армандайды.
– Әрине, мен чемпион болғым келеді. Соңғы екі жылдан бері таяқпен секіре бастадым. Көп жаттығамын. Қолдауым үшін жаттықтырушыларыма рахмет! Маған жеңіл атлетика өте ұнайды. Осы әдемі спорт түрімен мүмкіндігінше көп адам айналысқанын қалаймын, – дейді Рауан Бейсебай.
Биыл есту қабілеті бұзылған спортшылар үшін қысқы және жазғы екі қазақстандық чемпионат өтеді. 2024 жылы Тайваньда әлем чемпионаты, ал бір жылдан кейін Жапонияда жазғы Сурдлимпиада ойындары жоспарланған.