Қарағандыда Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концерті өтеді

616

15 желтоқсан күні Қарағандыдағы "Шалқыма" концерт залында Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің "Канададан Қазақстанға" атты концерті өтеді, жазады inbusiness.kz Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Қарағандыда Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концерті өтеді Фото: gov.kz

Квартеттің көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев.

Ақпаратқа сәйкес, бірлескен бағдарламада Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка), Алексей Лебедев (2-ші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт) және Ернар Мыңтаевтан (виолончель) құралған белгілі отандық ұжым мен Канаданың ең жоғары музыкалық сыйлығының (Juno Award) үш мәрте жеңімпазы, композитор, импровизатор-пианист Дэвид Брейд өнер көрсетеді.

Айта кету керек, аталмыш квартет "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының, "Ерен еңбегі үшін" үкіметтік награданың иегері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу